Балабақша қызметінің мақсаты және міндеттері » «ДЕТСКИЙ САД «KISHIM APA»
«ДЕТСКИЙ САД «KISHIM APA»
жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
БСН:190340003943
Қабылдау бөлімі:
+7(707) 250-55-19
"Әдіскер:
+7(707) 250-55-19
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Балабақша қызметінің мақсаты және міндеттері
13
маусым
2026

Балабақша қызметінің мақсаты және міндеттері

Мектепке дейінгі ұйымның мақсаттары 

1.Адал азамат» Біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында білім беру кеңістігін қамтамасыз ету:

 Балабақшадағы «Ұлттық тәрбие – ұлттық ұлттық құндылық» тәрбиеленушілерге жоғары ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, және ұлттық мәдениетке рухани мұраларға деген ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын шығармашылық тұлғасын дамыту. 

2. Материалдық базаны жетілдіру: 

- мектепке дейінгі ұйымның материалдық базасын жақсартуды жалғастыру; 

- тәрбиеленушілердің дене және психологиялық денсаулығын қорғауға және нығайтуға кепілдік беру;

 - мектепке дейінгі білім берудің бағдарламалары бойынша тәрбиелеу және оқыту кезінде балалардың эмоционалдық саулығын қамтамасыз ету.

 3. Педагог мамандығының мәртебесін көтеру: 

- тәрбиеленушілер мен олардың ата-аналарында педагог мамандығының маңыздылығы және оның ерекше мәртебесі туралы түсінік қалыптастыру; 

- педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыру. 


Мектепке дейінгі ұйым қызметінің міндеттері

 1.Әдістемелік сүйемелдеу:

 мектепке дейінгі білім беру бағдарламасы мен мектепке дейінгі білім берудің бейімделген білім беру бағдарламасын іске асыруды әдістемелік сүйемелдеуді қамтамасыз ету.

 2.Білім беру ортасын ұйымдастыру:

 - бірыңғай білім беру ортасы мен кеңістігін пайдалануды ұйымдастыру. 

3. Педагогтердің құзыреттілігін арттыру: 

 - Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын қолдану мәселелерінде педагог қызметкерлердің құзыретін арттыру. 

4. Білім беру ортасын жаңғырту: 

 - заттық-кеңістіктік дамытушы ортаны жаңғырту; 

 - сапалы және қолжетімді білім беру және шығармашылық ортасын дамыту. 

 «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы бойынша құндылықтарымызды жаңғырту. 

5. Мониторинг және талдау: 

 - білім беру қызметін материалдық-техникалық қамтамасыз етуді талдау бөлігінде мониторинг ұйымдастыру; 

 - заманауи дамып келе жатқан заттық-кеңістіктік орта құру. 

6. Оқытудың сабақтастығы: 

 - отбасын қоса алғанда, әртүрлі әлеуметтік институттарда мектепке дейінгі және бастауыш жалпы білім беру деңгейлерінде балаларды тәрбиелеу мен оқытудың технологиялары мен мазмұнының сабақтастығы үшін жағдай жасау.

 7. Әлеуметтік серіктестермен ынтымақтастық: 

 - тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуы үшін әлеуметтік серіктестермен толыққанды ынтымақтастық үшін жағдай жасау. 

8. Педагогтердің мәртебесін көтеру: 

 білім беру қатынастарына қатысушыларда еңбектің маңыздылығы, педагог қызметкерлер мен тәлімгерлердің маңыздылығы мен олардың ерекше мәртебесі туралы түсінік қалыптастыру. 

9.Инновациялық және цифрлық технологиялар: 

 білім беру саласындағы мемлекеттік саясатқа сәйкес білім беру процесінің сапасын арттыру үшін инновациялық технологияларды іске асыру бойынша педагогикалық ұжымның жұмысын жүйелеу. 



Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив