ЖШС "Kishim Apa" балабақшасы туралы мәлімет
Балабақша ғимараты екі қабатты. Балабақша қуаттылығы 125 орындық, балабақша 2018 жылы ашылып, қазіргі таңда 125 баламен, 5 топ жұмыс жасайды. Әр топ жас ерекшеліктеріне қарай топтастырылған. Балабақша 5 күндік жұмыс жасайды, сағат 08.00-бастап 18.30 сағатқа дейін. Тәрбиеленушілер мемлекеттік және орыс тілде тәрбиеленуде. Балабақшада қабылдау бөлмесі, оқу-тәрбие, ойын бөлмесі, жатын, ыдыс жуатын, меңгеруші, әдіскер бөлмесі, медицина бөлмесі бар.
Материалдық-техникалық базасы стандартқа сай жабдықталған. Жылу жүйесі, су, электр, жүйесі орталықтандырылған. Балабақшада өрт, дабыл қондырғылары және бейне бақылау камераларымен жабдықталған. Балабақшада медициналық кабинеті жұмыс жасайды. Медициналық кабинет санитарлық қағидаларға 12 қосымшаға сәйкес құрал - сайман жабдықтармен жабдықталған.
Балабақша ауласы көгалдандырылған, туя, қарағаш ағаштары егілген. Ауладағы ойын алаңы өз дәрежесінде жабдықталған. Жеке топтарға арналған ойын алаңдары, балалар ойнайтын құралдар, көлеңкелі қоршау (беседка) орындығымен, гүл алаңқайлары және балалардың денсаулығын нығайтатын, ойын құралдарымен жабдықталған.